Қазақстан • 13 Наурыз, 2018

Колледждердің 56 пайызы дуальді техникалық әдіспен оқытылып жатыр

235 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде «Дуальді оқытуды енгізу» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Шараға Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Асхат Аймағамбетов, Германияның халықаралық сарапшысы Райнер Гертц және бизнес өкілдері Оксана Битнер мен Надежда Гутовская қатысты.

Колледждердің 56 пайызы дуальді техникалық әдіспен оқытылып жатыр

Баспасөз маслихаты дуальді оқытуды енгізудің ағымды жағдаймен және бизнеспен әріптестігінің дамуы, білікті кадрларды даярлаудың және еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлау бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында өткізілді.

Спикерлер дуальді оқытудың нормативтік құқықтық базасын жақсарту туралы хабардар етті, дуальды оқытуды енгізу саласында әріптестік және тетіктері, дуальді оқытуды енгізу де проблемалар және оларды шешу жолдары туралы таныстырды. Халықаралық сарапшымен дуальды оқытуды енгізу жөнінде баға берілді және дуальды оқытуды дамытуды жалғастыру үшін ұсыныстар айтылды.

Даульды оқытуды жүзеге асырудың кадрларды даярлау индустрияның сұраныстарына максималды жақындатылған, теориямен тәжірибе арасында алшақтығын жою, болашақты жұмысшының жаңа психологиясын құру, білім алудың жоғары мотивациясын және жұмыс орындарында практикалық дағдыларын игеру, қажетті кәсіби тәжірибені алу, қызметкерлер мен бизнес-процестер туралы білім алу деген оң жақтары бар.  

«Өздеріңізге белгілі 2012 жылдан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес еліміздің кәсіптік-техникалық білім беру саласында дуальді оқыту саласы кеңінен іске асырылып жатыр. Бүгінгі күні, 2018 жылы бұл дуальді кәсіптік техникалық білім беру мәселесі қолға алынып, жалпы еліміздегі колледждердің 56 пайызы осы дуальді техникалық әдіспен оқытылып жатыр деп айта аламыз. Колледждерді қамту арқылы дуальды оқыту айтарлықтай кеңейтілді. 2013 жылы 176 – дан, 2017 жылы 460 – қа дейін өсіп, 56 пайыз жалпы колледждер және 70 пайызы техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылық коллдждер құрап отыр. Кәсіпорындар 2013 жылы 2097 – дан, 2017 жылы 3055 кәсіпорынға дейін артты, шарттардың саны 2013 жылы 2902 шарттан, 2017 жылы 10993 шартқа дейін өсті», деп атап өтті Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Асхат Аймағамбетов.

Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»